Инвестициялық компаниясы

Басшылық

Оралбек Ботбай
Лауазымы
Бақылаушылар кеңесінің Төрағасы
Білімі
1991 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтын бітірген. (Алматы) 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заң ғылымдарының бакалавры дәрежесімен тәмәмдады.
Еңбек өтілі
1991-1992 жж. - Фрунзе аудандық ЛКЖО хатшысы (Алматы) болып еңбек жолын бастаған. Әр жылдары бизнес саласы мен мемлекеттік органдарда қызмет еткен. Бизнесті жүргізуде бай тәжірбиесі бар. 2016 жылдан бері «Source Invest Company» ЖШС бақылаушылар кеңесінің Төрағасы.
Марапаттар мен жетістіктер

2007 жылы 7 желтоқсан күні ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды;

2008 жылдың 4 шілдесінде  ҚР Президентінің Жарлығымен «Астананың – 10 жылдығы» медалі тапсырылды;

2008 жылдың 4 шілдесінде Астана қаласының тарихи-мәдени дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды;

2011 жылдың 16 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаліне ие болды;

2016 жылдың 16 желтоқсан күні ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен наградталды;

2017 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясы Президиуімінің шешіміне сай А. Маслоу атындағы  «Гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі үшін» Алтын медалімен марапатталды.

Мәдениет және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін және Тәуелсіз Қазақстанның гуманитарлық ғылымдар саласына қолдау танытып, әкімшілік басқару саласындағы еңбегі ескеріліп, Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессоры атағы беріліп, «Профессор» төсбелгісі табыс етілді.

Қаныш Алтаев
Лауазымы
Директор
Білімі
2010 жылы Мәскеу халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек өтілі
2001 жылдан бері түрлі салаларда қызмет еткен. Мұнай-газ және логистикалық, трейдингтік компанияларда 16 жылдық тәжірбиесі бар. 2016 жылдан бері «Source Invest Company» ЖШС директоры
Марапаттар мен жетістіктер

FIATA «Халықаралық жүк тасымалдаушысы» дипломының иегері, ҚР тәуелсіз директорлар қауымдастығының «Corporate Governance Professional», FIATA «Темір жол транспортында габаритті емес жүк тасымалын ұйымдастыру» сертификаттарын алған.