Инвестициялық компаниясы

Инвестициялық преференциялар

1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

- Кедендік баждарды салудан босату:

- технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының бес жылдан аспайтын мерзімге импорттау кезінде;

- тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың бес жылға дейінгі мерзімге импорттау кезінде.

-Мемлекеттiк заттай гранттар :

- Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейінен  меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мұлік;

- Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi тiркелген активтерге салынатын инвестициялар көлемiнiң 30 пайыздан аспайды.

2. Инвестициялық басым жоба бойынша қосыша ретінде төмендегілер ұсыныла алады:

- Салықтар бойынша преференциялар

-  есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

- жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

-мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.

- Инвестициялық субсидия

- құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықты сатып алу үшін фактілік шығыстардың 30 пайызға дейін қайтару.

Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі және шарттары

Инвестициялық преференциялар «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес қызмет түрлері бойынша беріледі. 

2. Инвестициялық преференциялар:

1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;

2) инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.

Анықтама: Инвестициялық басым жоба – белгілі бір басым қызмет түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлғамен (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі инвестициялық преференцияларды беруге өтінім берілген күннен бастап 12 айдан кем емес мерзімде жүзеге асырылған) іске асыратын және айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба.  

Инвестициялық басым жобаға арналған инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабы 2- тармағының қосымша талаптарын орындау шартымен беріледі.

3. Инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрліктің Инвестициялар комитеті және  инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

Инвестициялық преференцияларды алу үшін қажетті құжаттар

Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрліктің Инвестициялар комитетіне Инвестициялық преференцияларды беру туралы өтінімді* және келесі құжаттарды жолдайды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) инвестициялық жобаның бизнес-жоспары*;

4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған көшiрмелерi;

5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;

6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтаиасы.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.

* Инвестициялық преференцияларды беру туралы өтінім нысаны және бизнес-план жасау бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133  бұйрықпен бекітілген.