Инвестициялық компаниясы

Арнайы экономикалық аймақтар

http://www.sez.astana.kz/index.php/ru/  «Астана жаңа қала» АЭА

http://www.sez.kz/ru/  «Морпорт Ақтау» АЭА

http://atyrau-sez.kz/   «Ұлттық  индустриялық  мұнай-химия технопаркі» АЭА

http://www.innovations.pavlodar.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=57&Itemid=66&lang=ru  «Павлодар» АЭА

http://www.spk-saryarka.kz/rus/about_sez  «Сарыарқа» АЭА

http://www.sezburabay.kz/  «Бурабай» АЭА

http://sezkhorgos.kz/ru  «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА

http://www.sezpit.kz/  «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА

http://seztaraz.kz/ru/   «Химпарк Тараз» АЭА

http://www.sez-ontustik.kz/  «Оңтүстік» АЭА

 

АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕР

САЛЫҚТЫҚ  ЖЕҢІЛДІКТЕР

 АЭА барлық қатысушылары үшін мынадай жеңілдіктер көзделген:

·         корпоративтік табыс салығынан (КТС) босату;

·         жер салығынан босату;

·         мүлік салығынан босату;

·         өндіріс процесінде толықтай тұтынылған тауарларды АЭА аумағына өткізу кезінде қосымша құн салығынан (ҚҚС) босату.

Сонымен қатар «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушыларына арналған салықтық жеңілдіктер де бар:

·         еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар жылдық табыстың кемінде 50%-ын құрайтын және еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстардың 90%-ы ҚР резиденттеріне жұмсалатын жағдайда әлеуметтік салықтан 5 жылға босату

·         2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда тіркелген және «ИТП» АЭА-дан тыс ұйым «ИТП» АЭА қатысушысы болып саналады, егер оның:

  1.      құрылымдық бөлімшелері болмаса;
  1.     өзі өндіретін тауарларды өткізуден, мынадай қызмет түрлері:
  1.    жобалау, әзірлеу, енгізу, тәжірибелі өндіріс және бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы мен ақпараттық технологиялардың аппараттық құралдары өндірісі, сонымен қатар дата-орталықтар қызметі, онлайн қызметтер;
  1.   ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды құру әрі енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізу жұмыстарынан, қызметтерінен алынуы тиіс (алынған) табыстар жылдық жиынтық табыстың кемінде 70 пайызын құрайды. 

Салықтық жеңілдіктерді алу шарттары:

1)    АЭА  аумағындағы салық төлеуші ретінде тіркелу;

2)    АЭА қатысушысы ретінде тіркелу;

3)    АЭА шегінен тыс құрылымдық бөлімшелердің болмауы;

4)    АЭА қызметінің басым түрлері бойынша меншікті өндіріс тауарларын өткізуден түсетін табыстар жылдық жиынтық табыстың кем дегенде 90 пайызын («ИТП» АЭА үшін - 70%) құрауы тиіс.   

 

КЕДЕНДІК ЖЕҢІЛДІКТЕР 

АЭА аумағына тауарларды ШЕТТЕН ӘКЕЛУ кезінде

Кедендік баж салығынан босату

АЭА* аумағынан тауарларды ШЕТКЕ ШЫҒАРУ кезінде

КО кедендік аумағының қалған бөлігінде АЭА аумағынан шетке шығарылған КО тауарларына кедендік баж салығы төленбеуі тиіс.  

КО-ның кедендік аумағынан тыс АЭА аумағынан шетке шығарылған КО тауарларына экспорттық кедендік баж салығы төленуі тиіс.

Егер шетелдік тауардың КО кедендік аумағының қалған бөлігінде АЭА аумағынан шетке шығарылған КО тауары деген мәртебесі болмаса, кедендік баж салығы төленуі тиіс.  

Егер шетелдік тауар АЭА аумағында қолданылмаса және өндірілмесе, онда экспорттау кезінде (үшінші елдерге), тауар «реэкспорт» кедендік баж салығынан босатылады.  

Егер шетелдік тауар АЭА аумағында өндірілсе, онда экспорттау кезінде ҚР Үкіметінің 07.06.2010 жылғы № 520 сәйкес экспорттық баж салығы төленеді. 

Кедендік жеңілдіктер жөніндегі барынша толық ақпарат Кедендік одақтың кедендік аумағындағы еркін (еркін, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімде (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусым) көрсетілген.

 

*Аталған жеңілдіктер тек 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген қатысушылар үшін 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.   

 

БАСҚА ДА ЖЕҢІЛДІКТЕР 

Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі

Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, алайда ішкі еңбек нарығындағы үміткерлерді іздемей-ақ жеңілдетілген тәртіппен  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.

Тегін жер телімі 10 жылға дейінгі мерзімге.

Жер телімі жобаны іске асыру үшін АЭА қатысушыларына 10 жылға дейінгі мерзімге тегін беріледі.